Қаптама

null

Кез келген тасымалдың ажырамас бөлігінің бірі қаптама болып табылады. Дұрыс қаптама жүктің сақтығын қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ оны дұрыс өңдеу үшін нұсқау береді. Интермувекс компаниясы үй заттары мен коммерциялық жүктерді қаптау бойынша кәсіби қызметтерді ұсынады.

Біздің материалдар:

  • Түрлі көлемдегі және қабатты картонды қорап
  • Әуе тасымалына арналған арнайы қораптар
  • Орауыш қағаз
  • А-көпіршік қабықша
  • Суға төзімді стрейч қабықша
  • Скотч
  • Паллеттер
  • Ағаш жәшіктер
  • Пластик жіне металл бұрыштар, қосқыштар
  • Іріауқымды заттарға арналған табақ картон
  • Ірі емес, іріауқымды және сынғыш заттарға арналған жұмсақ толтырғыштар
null

Біздің білікті команданың жергілікті, шетелдік және кеңселерді көшіруде мол тәжірибесі бар, іріауқымды білдектер мен жабдықтардан бастап сынғыш өнер заттарына дейінгі түрлі заттарды қалай дұрыс қаптау керектігін біледі. Біз сіздің мүлкіңіздің қаншалықты бағалы екенін жақсы түсінеміз және де сіздің жеке талаптарыңызды ескере отырып, неғұрлым лайықты қаптау материалымен қамтамасыз етуге дайынбыз.

Заттарыңызды өзіңіз қаптағыңыз келе ме? Мәселе емес! Біз сізге қораптарды, қажетті материалдар мен скотчты ұсынамыз

Сіздің қарауыңызда өзіңіз қаптау үшін қораптың 5 түрі болады:

  • кітаптарға арналған қорап – 47 х 34 х 34 см.
  • киімге арналған қорап – 87 х 50 х 30 см.
  • ыдысқа арналған қорап – 45 х 45 х 77 см.
  • гардероб қорап – 52 х 57 х 135 см.
  • әуе тасымалына арналған қорап – 94 x 67 x 63 см.

Қораптардың толық жүк көтергіштігі 40-тан 60 кг-ға дейін болады. Алайда қауіпсіздік пен жұмысқа ыңғайлы болу үшін қораптарды 30 кг асырмауға кеңес береміз.