Егер Сіз көшу үрдісін бастан кешірсеңіз, онда Сіз көшу үшін қаншалықты уақыт пен күштің қажет екенін жақсы түсінесіз. «Интермувекс» ЖШС командасы Сіздің көшуіңіз жеңіл оқиғаға айналып, Сіз тек көшудің жағымды жақтарын еске алып отыру үшін жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде біз бірнеше жүздеген пәтерлер мен кеңселерді көшірдік. Бұл уақыт аралығында біздің ұжым айтарлықтай тәжірибе жинақтады және біз оны Сіздер үшін пайдалануға дайынбыз.
Пәтер және кеңселерді толық көшіруді кешенді ұйымдастырудан басқа, «Интермувекс» ЖШС сонымен қатар арнайы қаптау материалдарын ұсыну, тасымалдау, кедендік рәсімдеу, қоймада сақтау, жануарларды көшіру, жүктерді сақтандыру, өнер бұйымдары мен құнды жүктерді көшіру қызметтерін де көрсетеді.
Біз әр клиентке лайықты және тиімді шарттарды таңдаймыз және кез келген жұмысқа кәсібилікпен және жауапкершілікпен қараймыз. Біздің компания мамандары Сізді толғандыратын барлық сұрақтарға жете кеңес бере отырып, назар аударарлық басқа да маңызды жақтарын айтып береді. Сіздің қоңырауыңыз біз үшін маңызды және Сізге бір күннің ішінде тез жауап беретінімізге кепілдік етеміз.