
Кеңселерді көшіру
Кеңсені көшіруді ұйымдастыру – өте маңызды және қиын міндеттердің бірі. Әрбір бизнес иесі уақыт – ол ақша екенін түсінеді, ал кеңсе мүлкі қымбат тұрады, сондықтан қызметкерлердің жұмысын үзбей, кеңсені көшіруді барынша тез атқару және барлық көшіретін мүліктің сақтығын қамтамасыз ету үшін сапалы орындаған өте маңызды.
Кеңселерді көшіруді ұйымдастырудағы мол тәжірибеміз көрсеткендей, кеңсені көшіргенде түрлі мувингтік фирмалар ұсынатын тек тікелей бағаны ғана емес, сонымен бірге көшіруге кеткен уақытқа, тікелей осы үрдіске қатысушы қызметкерлеріңіздің моральдық жағдайына және көшкеннен кейінгі Сіздің мүлкіңіздің сақтығынан көрініс табатын жанама шығындарды да есепке алу қажет. Егер Сіз жағымсыз тосын сыйларды қаламасаңыз, мердігерді жете зерделей отырып, тәжірибелі және көрнекті фирманы таңдауға кеңес береміз, оның сөзсіз есесі қайтады.
Әдетте, кеңсені көшіру кезінде жүктің ең үлкен бөлігін ауыр кеңсе жиһазы, сондай-ақ ұқыпты кәсібилікті талап ететін арнайы техника құрайды. Біздің мамандар кеңсе жиһазын қалай дұрыс жинау және ашуды, қандай қаптама материалдарын қолдану қажеттігін, қымбат техниканы қалай тасу керектігін біледі. Біз жабдығы бар серверлік шкафтарды, көлемі үлкен емес жағдандарды, сәндік элементтерді, өсімдіктер мен құжаттарды ойдағыдай тасымалдаймыз.
«Интермувекс» компаниясы кеңсені «толық аяқталғанша» ұйымдастыра алады, қызметкерлеріңіздің жұмыс процесіне кедергі келтірмеу үшін көшіру жұмыстарын кешкі уақытта немесе демалыс күндері де атқарады.
Егер Сіз өз күшіңізбен көшуді шешсеңіз, біз Сізге толық нұсқау беріп, көшуге қажетті материалдармен қамтамасыз ете отырып, Сізге техникалық қолдау көрсете аламыз.
Біздің команда Сіздің уақытыңызды бағалайды және де Сіздердің кәсіби қызметтеріңізге құрметпен қарай отырып, кеңселеріңізді көшіруді ұйымдастыруды толықтай өз мойнымызға алуға қуаныштымыз. Біз Сіз және Сіздің қызметкерлеріңіз жұмыстарын еш алаңсыз атқара беруі үшін жұмыс істейміз.