Мәдени байлықтарды тасымалдау

null

Мәдени байлықтар мен өнер бұйымдарын тасымалдау үшін тек кәсіби қаптама мен ұқыпты қарау ғана емес, сонымен бірге арнайы рұқсат құжаттарын рәсімдеу де маңызды. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңына сәйкес «мәдени байлық» анықтамасына суреттер, мүсіндер, музыкалық аспаптар, кілемдер, көне заттар және басқалары жатады. Сараптау комиссиясының тиісті рұқсатынсыз осындай заттарды әкету әрекеттері кезінде жүкті тәркілеуге дейінгі қиындықтар туындауы мүмкін.

null

«Интермувекс» компаниясы мәдени байлықтар мен өнер бұйымдарын экспорттау мен импорттау үшін рұқсат құжаттарын рәсімдеумен айналысады. Бізде осындай жүктерді дұрыс қаптау үшін жоғары сапалы арнайы қаптау материалдары бар, ал біздің қаптаушылар жүктің толық сақтығын қамтамасыз ету үшін қалай қаптау керектігін біледі.

null

Есіктен есікке дейін көшіруді ұйымдастыруда «мәдени байлықтарды» әкелу немесе әкетуге рұқсатты рәсімдеудің базалық қызметі біздің жұмысымыздың жалпы жиынтығына кіреді, сондықтан Сізге еш уайымдаудың қажеті жоқ.