Пәтерлерді көшіру

stock-vector-398505037-compressor
null

Тіпті бір қаланың ішінде пәтерлерді көшіруде күтпеген қиындықтар туындауы мүмкін. Кейде сізде мүлдем зат жоқ болып көрінеді, сіз өз күшіңізбен көше аламын деп ойлайсыз. Бұл алдамшы сезім болуы мүмкін, мысалы, шағын 36 м2 бір бөлмелі пәтерде 10-нан 20 текше метрге дейін зат болуы мүмкін. Енді ойлап қараңыз, осы жүк көлемін дайындау, орау және тиеу/түсіру үшін Сізге қанша күш керек. Одан бөлек, дұрыс орамау немесе қаптаманың болмауынан Сіздің жақсы көретін заттарыңыз зақымдалуы мүмкін, сөйтіп ол «жаңа үйге» келгенде пайдалануға жарамсыз болып қалады. Бұған жол бермеу үшін біз біздің «толық аяқталғанша» Пәтерді көшіруді ұйымдастыру қызметін пайдалануды ұсынамыз.

null

Бізге хабарласыңыз, біз Сізге маманымызды жібереміз, ол Сіздің мүлкіңіздің көлемін бағалап, қажетті қаптау материалын таңдауға көмектеседі, заттарыңызды көшуге дайындау бойынша кеңестер береді. Осыдан кейін Сіз көшуді ұйымдастыруды «Интермувекс» компаниясына табыстауды ұйғарсаңыз, біздің кәсіби қаптаушы қызметкерлеріміз заттарыңызды көшуге дайындайды, тиеп, қажетті жеріне тасып береді, ол жерде заттарды шешіп, Сіздің қалауыңыз бойынша қоюға көмектеседі.