Кедендік тазарту

null

Қазақстан Республикасына/нан импортталатын болмаса экспортталатын кез келген жүктер, коммерциялық жеткізілім, жеке заттар, автомобильдер, үй жануарлары және т.б. қоса алғанда кедендік рәсімдеу процедурасынан өтуі тиіс. Кедендік рәсімдеу тек кедендік төлемдер мен салықтар алу ғана емес, ол статистика жүргізу және сыртқы экономикалық қызметті бақылау үшін дайындалған мемлекеттік ережелерді орындаудың арнайы процедурасы.

null

Түрлі кеден рәсімдері мен нақты құжаттар бар, олар тауардың түрлі санаттарына, жүкті алушылар мен көлік түрлеріне қолданылады. Сонымен қатар тауардың, көлік құралдарының, тасымалдау түрлері мен тауардың белгілі бір санаттарын әкелуді келісетін мемлекеттік мекемелердің сипаттамасын көрсету үшін түрлі жіктеуіштер әзірленді, оларды Қазақстан Республикасының аумағына алып өту тек рұқсат құжаттары бар болғанда ғана рұқсат етіледі.

null

«Интермувекс» компаниясының жабдықтар, көрмелер, дипломатиялық жүктер, курьерлік қызметтерден (DHL, UPS, FedEx) сәлемдемелер және т.б. жүктердің алуан түрлерін импорттық және экспорттық рәсімдеу бойынша жұмыстарды атқаруда тәжірибесі мол. Біз күтпеген кідірістер мен қосымша шығындарды болдырмау үшін кедендік рәсімдеу қызметтерін ұсынамыз.

null

Біздің мамандар Сізге кедендік рәсімдеудің лайықты процедурасын таңдауға көмектеседі, құжаттарды дайындау мен оларды берудің қалаған мерзімі жайлы кеңестер береді. Одан бөлек біз кеден алымы мен кеден бажының сомасын алдын ала есептеп береміз.

null

Халықаралық көшіруді ұйымдастыру барысында кедендік рәсімдеу біздің компания қызметінің стандартты пакетіне кіреді, одан басқа«Интермувекс» межелі жерде Сіздің жүгіңізге кедендік рәсімдеу жұмыстарын ұйымдастырады және ең тиімді және ыңғайлы шарттарды таңдап береді. 

null

Тегін кеңес алу үшін бізге қоңырау шалуыыңызға болады.