Want create site? With Free visual composer you can do it easy.

Халықаралық көшіру

null

Халықаралық көшіру – өте қызықты шара. Көшуге қандай себеп болмасын, өзіңіз үшін бір жаңалық ашу мүмкіндігі бар: жаңа үміт және жаңа мүмкіндіктер, жаңа таныстар, жаңа үй. Алайда басқа елге көшуге дайындық барысы көптеген машақаттарға толы және Сіздің көп уақытыңызды алып, жүйкеңізге әсер етеді. «Интермувекс»  компаниясы көшіруді ұйымдастыру мен оны орындаудың барлық қырларын өзіне ала отырып, Сізге көшу кезеңін жеңілдетуге көмектеседі.

null

Көп жылғы тәжірибеге сүйене отырып, біздің компания Сіздің көшу жоспарыңызды жасап, кедендік рәсімдеуге қажетті құжаттарды дайындауға, жүкті қаптауға, жүкті есіктен есікке дейін тасымалдауға және Сізге жүгіңізді жөнелту орнында бізге табыстаған күйі жеткізіп беруге көмектеседі.

null

«Интермувекс»  ЖШС бірнеше халықаралық ассоциациялардың мүшесі болып табылады, оның ішінде International Association of Movers (Жеке заттарды тасымалдаушылардың Халықаралық Ассоциациясы) бар, ол бізге дүние жүзі бойынша осындай сенімді және тәжірибелі серіктестермен бірге қызмет етуге мүмкіндік береді, сондықтан бізбен жұмыс істей отырып, Сіздің заттарыңызбен тек кәсіпқойлар айналысады деп сендіре аламыз.

null

Көшуге дайындық барысын алдын ала бастаған жөн, сондықтан Сіздерге көп ойланбастан, тездетіп барлығын егжей-тегжейлі анықтаған дұрыс. Біздің менеджерлер тегін бағалау жүргізу үшін Сіздерге баруға әрдайым дайын. Бірінші кезеңде жүктің көлемі мен оның құрамын, жоспарланған бағыт пен көшетін күнді білу маңызды, содан кейін біз жөнелтудің қолайлы нұсқасын таңдаймыз, баға ұсынысын ұсынамыз және қажетті құжаттарды дайындау жайында кеңес береміз.

«Интермувекс» ЖШС көшіруге сенім арта отырып

Сіз:

  • Көшірудің барлық кезеңінде толық ақпараттық қолдау;
  • Жоғары сапалы қаптау материалдарын пайдалану;
  • Заттарыңызды қаптау мен тиеу үшін тәжірибелі мамандар;
  • Көшіру басталғаннан аяқталғанға дейін Сізбен үнемі байланыста болатын жеке менеджер;
  • Барлық құжаттарды дайындауға көмек;
  • Экспорттық және импорттық кедендік рәсімдеу;
  • Қолайлы маршрут пен тасымалдау тәсілін таңдау;
  • Жүктерді сақтандыру;
  • Аралық және ұзақ мерзімді сақтау мүмкіндігін;
  • Тілегіңіз бойынша қосымша мамандандырылған қызметтер aласыз.
Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.