Want create site? With Free visual composer you can do it easy.

Компания туралы

null

«Интермувекс» компаниясы 2009 жылы Алматы қаласында құрылды. Соған қарамастан, мамандардың тәжірибесі бұл мерзімнен асып түседі, себебі команда мүшелерінің көбісі осыдан 20 жыл бұрын жұмыс істеуді бастаған. Осы жылдар ішінде біз бірнеше мыңдаған жұмыстар атқардық, оның ішінде тек көптеген халықаралық және кеңселерді көшіру ғана емес, сонымен бірге түрлі жобалық жұмыстар мен көрмелерді ұйымдастыру бойынша жұмыстар да бар

null

Біздің компания мақсаты – Қазақстан Республикасында өз саламызда ең үздік болу, бәсекелестерге секілді, шетелдік серіктестерге де сапа стандартын қою. Әр клиенттің барлық тілегін ескере отырып, сұраным ерекшелігіне қарай лайықты шешім таңдаймыз. Біз әрдайым 100 % беріліп істейміз, себебі біз үшін әр жұмыс – ол ерекше тәсілдемені талап ететін бірегей жағдай.

null

Біздің девиз – «Интермувекс» компаниясы Сіздің көшуіңізді жайлы етеді». Біз жұмысымызды клиенттеріміздің көшуі тек жағымды эмоциялармен байланысты болатындай етіп ұйымдастырамыз. Біз клиентке өзінің жеке істерін аяқтау мен жаңа орында орналасуына бос уақытты қалдыра отырып, көшірудің барлық қиын және ауыр жақтарын өзімізге алуға тырысамыз.

shutterstock_276628301-[преобразованный]
null

Біздің кеңселер Алматы және Астана қалаларында орналасқан, одан басқа біз Қазақстан Республикасының барлық аймағында табысты жұмыс істеп келеміз. «Интермувекс» ЖШС клиенттері болып BritishAmericanTobacco, Siemens, Altel, CocaCola, PetroKazakhstan, Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі мен Бас Консульдігі, БАӘ елшілігі, Катар елшілігі, Португалия елшілігі, Нидерланды елшілігі, Britishcouncil және көптеген басқа да құрметті коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар табылады.

«Интермувекс» Жеке заттарды тасымалдаушылардың Халықаралық Ассоциациясының (IAM) мүшесі болып табылады, соның арқасында біздің ең сенімді және тәжірибелі серіктестеріміз бар, ол әлемнің кез келген жерінде жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің клиенттер үнемі тез және сапалы сервис алады.

Біз шынында клиенттердің мүлкіне қамқор боламыз және қызметтеріміздің сапасына кепілдік береміз.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.