Want create site? With Free visual composer you can do it easy.

Қоймада сақтау

null

Сіз көшіп жатырсыз және Сізге барлық формальдылықты ретке келтіріп, жаңа үйді дайындау үшін уақыт керек пе?. Сіз жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырсыз, заттарыңыздың шаңнан, бояудан және иістерден бұзылмауын қалайсыз ба?. Біздің қоймалар Сіз заттарыңызды алып кетуге дайын болғанша осында қалуға қолайлы жер. Көшіруді ұйымдастыруда біз екі аптаға дейін тегін сақтауды ұсынамыз, егер Сізге өз заттарыңызды одан да көп мерзімге қалдыру қажет болса, біз міндетті түрде Сізге ең тиімді бағаны таңдап береміз.

null

Біз сондай-ақ Сізге әзірге қажет емес, бірақ кейін қажет болатын, мысалы автомобильдің жазғы және қысқы резиналары, шырша және жаңа жылдық әшекейлер, шаңғы, велосипед, қайық, ескі жиһаз және басқа да маусымдық заттарды орналастыруға қуаныштымыз. Біздің қоймаға зат орналастыру үшін Сіз өз заттарыңызды өзіңіз дайындап, қаптай аласыз немесе біздің кәсіби қаптау қызметтерімізді пайдалана аласыз. Біз жүкті жалпы қоймада да, арнайы бөлінген контейнерлерде де орналастыра аламыз. Біздің қойма Сіздің заттарыңыз үшін әрдайым ашық.

null

Қазіргі заманда қойма қызметі тек көшкен кезде ғана емес, сонымен бірге күнделікті өмірде де қажет болуы мүмкін. Сол үшін де «Интермувекс» компаниясы Алматы және Астана қалаларында өзінің қойма бөлмелерін ұсынады. Біз қуана-қуана Сіздің жүгіңізді қысқа мерзімге, аралық немесе ұзақ мерзімді сақтауға орналастырамыз.

null

Біздің қойма бөлмелері тәулік бойы күзетіледі, сондықтан заттарыңыздың сақтығына сенімді бола аласыздар. Егер Сізге арнайы сақтау шарттары қажет болса, онда Сізге лайықты нұсқаны міндетті түрде таңдап береміз.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.